379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арман Әшімов әлемдік рейтингте үздік 50 спортшының қатарында

  • 133
  • UPD: 11:04, 06.04.2019
Арман Әшімов әлемдік рейтингте үздік 50 спортшының қатарында prosports.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман «Мұстафа Өзтүрік» Әшімов әлемдік рейтингте үздік 50 спортшының қатарына кірді.

M-1 Global тұжырымының уақытша чемпионы болған Арман Әшімов әлемдік жаңартылған рейтингте үздік 50 спортшының қатарына кіріп, 48-орынға жайғасты. Соңғы жекпе-жегін M-1 Challenge 101 турнирінде өткізген отандасымыз жеңіліп көрмеген бразилиялық Кайк Аленкарды (9-1) ұтқан болатын. Осыдан кейін Әшімов бірден 47 сатыға көтерілген. Ал бұл салмақтың ең үздік спортшысы UFC чемпионы Генри Сехудо. 

Айта кетейік, Арман Әшімов келесі жекпе-жегінде M-1 Global тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласуы мүмкін.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы