379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық жас гимнастшылар Сингапурда 7 медаль еншіледі

  • 203
  • UPD: 09:54, 07.04.2019
Қазақстандық жас гимнастшылар Сингапурда 7 медаль еншіледі

Қазақстандық жас спортшылар топтық эстетикалық гимнастикадан Aesthetic Group Gymnastics World Cup II & Challenge Cup II 2019 Singapore халықаралық жарысында жақсы нәтижелерге қол жеткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Байрақты бәсекеге 10 елдің: Қазақстан, Австралия, Малайзия, Сингапур, АҚШ, Канада, Таиланд, Жаңа Зеландия, Тайвань және Жапония спортшылары қатысты. Еліміздің намысын Нұр-Сұлтан, Алматы және Қызылорда қалаларынан барлығы 7 команда (59 қатысушы, 5 бапкер және 2 төреші) қорғады. Нәтижесінде ел қоржынына үш алтын, екі күміс және екі қола медаль түсті. Атап айтқанда, «Юниорлар» санатында бірінші орынды «Кербез» балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі (Алматы) алды.

Сондай-ақ «8-10 жас» санатында алтын жүлде «Көркем» (Нұр-Сұлтан) командасына бұйырды. Күміс медальді «Космос» (Нұр-Сұлтан), «Талисман» (Нұр-Сұлтан), қола медальді «Сейхун 2» (Қызылорда) командалары еншіледі. «10-12 жас» категориясында бірінші орынды «Изумруд» (Нұр-Сұлтан), екінші орынды «Космос» (Нұр-Сұлтан) командалары алды. Ал «Сейхун 2» командасы «12-14 жас» санатында үшінші орынға табан тіреді.

Хабар 24 телеарнасы