379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ювентус» «Миланды» жеңді

  • 87
«Ювентус» «Миланды» жеңді

Итальяндық A сериясының 31-турында туриндік «Ювентус» «Миланды» қабылдады, деп хабарлайды prosports.kz.

Кездесу Туринде Allianz Stadium стадионында өтті және 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Бірінші голды «Миланның» шабуылшысы Кшиштоф Пентек салды, ол жартылай қорғаушы Тьемуэ Бакайоконың пасынан кейін 39-минутта көзге түсті.
Екінші таймның басында «Ювентус» шабуылшысы Пауло Дибала есепті теңестірді. 84-минутта туриндік шабуылшы Мойзе Кин жартылай
қорғаушы Миралем Пьяничтің нәтижелі пасынан соң жеңіс голын соқты.

Италия чемпионатында «Ювентус» үш матч қатарынан жеңіске жетті. «Милан» қатарынан төрт матчта жеңіске жете алмай келеді. Алдыңғы турларда Дженнаро Гаттузо командасы екі рет жеңіліс тапты және бір рет тең ойнады.

«Ювентус» 84 ұпаймен «А» сериясында көш бастап тұр, «Милан» (52) төртінші орынға жайғасқан.

Хабар 24 телеарнасы