379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Месси жаңа рекорд орнатты

  • 121
  • UPD: 12:02, 07.04.2019

«Барселона» клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси футболдан Испания чемпионатында жеңісті ойындар саны бойынша жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Газета.ru.

6 сәуірде Примераның 31-айналымында «Барселона» 2:0 есебімен «Атлетиконы» жеңді. Голдың біреуін салған Месси үшін бұл Испания футболының жоғары дивизионындағы 447 кездесудегі 335-жеңісі екені анықталды. 

31 жастағы аргентиналық сұрмерген мадридтік «Реал» экс-қақпашысы Икер Касильястың рекордын жаңартты (334 жеңіс).

Ақпарат көзі: kaz.tengrinews.kz

Хабар 24 телеарнасы