389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда шайбалы хоккейден ел чемпионаты аяқталды

  • 342
Павлодарда шайбалы хоккейден ел чемпионаты аяқталды

Павлодарда шайбалы хоккейден 2009 жылғы балғындар арасында өткен ҚР чемпионатының 4-туры өз мәресіне жетті.

Үш күн бойы «Астана-2», «Ертіс», «Барыс-2», «Торпедо», «Арлан» және «Юность» хоккей командалары «Астана» мұз сарайында тартысты бәсекелер өткізді. Жарыстың қорытынды кезеңінде Қарағанды хоккей клубының «Юность» және елордалық «Астана-2» және «Барыс-2» командалары суырылып алға шықты. «Барыстықтар» қарсыластарын 1-4 есебімен ұтты. Қалған екі команда екінші және үшінші орындарды місе тұтты. Ойын нәтижесі бойынша күміс жүлдені Қарағандының «Юность» командасы еншіледі. Үшінші орын «Астана-2» хоккей командасына бұйырды. «Үздік қақпашы» жүлдесімен «Барыс» командасының ойыншысы Расул Мұхамедқали марапатталды. Төрешілер осы команданың ойыншысы Жандос Нұртеловті «Үздік шабуылшы» деп таныды. Ал «Юность» командасынан  Вадим Фирсе «Үздік қорғаушы» атанды.

Хабар 24 телеарнасы