379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Arlan Grip Championship: Еліміздің үздік джиу-джитсу спортшылары бақ сынасты

  • 300
  • UPD: 23:40, 07.04.2019
Arlan Grip Championship: Еліміздің үздік джиу-джитсу спортшылары бақ сынасты

Алматыда қыздар мен ерлер арасында бразилиялық джиу-джитсудан Arlan Grip Championship «Koktem Open - 2019» xалықаралық турнирі өтті.

Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген 1000-ға жуық спортшы екі күн бойы әр салмақ әрі жас айырмашылығы бойынша өзара мықтыны анықтады. Жарыстың алғашқы күнінде 4-17 жасар, ал екінші күнінде 18-ден жоғары жастағы спортшылар өнер көрсетті.

Екі күнге жалғасқан бұл турнир кез келген қатысушылар арасында ABB Arena-да IBJJF халықаралық федерация ережесіне сәйкес өткізілді. Оның басты мақсаты елімізде джиу-джитсуды дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

«Жарыс маған қатты ұнады. Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қарсыластарым қиын болды. Бүгінгі жеңісіме қуаныштымын. Өз жанкүйерлеріме алғыс білдіремін. Қазір мен алдағы уақытта өтетін Абу-Дабидегі әлем чемпионатына дайындалып жатырмын. Онда 16-17 жас аралығында көк белбеулер арасында өнер көрсетемін. Жеңімпаз болсам деген арманым бар», - деді жеңімпаздардың бірі Дина Давлятова.  

Бұл тартысты өткен жарыстың нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен дипломдар табысталды. Жарыстың нәтижелерін smoothcomp.com сайтынан көре аласыздар.  

Айта кетер жайт, Абу-Дабидегі әлем чемпионаты жыл сайын балалар және ересектер арасында өткізіледі.

Хабар 24 телеарнасы