389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирде топ жарды

  • 433
  • UPD: 11:31, 08.04.2019
Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирде топ жарды Vesti.kz

Қазақстандық теннисші Александр Бублик мексикалық Монтеррейде өткен турнирде жеңіске жетті.

«Челленджердің» финалында Бублик эквадорлық теннисші Эмилио Гоместі 6:3, 6:2 есебімен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін қазақстандық теннисші серб Педжа Крштинді, америкалық Митчелл Крюгерді, испаниялық Фелисиано Лопес пен АҚШ-тың тағы бір өкілі, турнирдің фавориті Теннис Сандгренді жарыс жолынан шығарып тастаған болатын.

Соның арқасында Бублик АТР рейтингінің ТОП-100 теннисшісі қатарына енді. Ол 120-орыннан 99-ға көтерілді. Қазақстандық теннисшінің АТР рейтингіндегі ең үздік көрсеткіші - 95-орын.

Хабар 24 телеарнасы