378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда керлингтен ел біріншілігі басталды

  • 145
  • UPD: 11:25, 09.04.2019

Сәуір айының соңында жүзуден әлемдік турнирдің бірінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Чемпиондар шоуы» аталған жарысқа Қазақстан атынан олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин қатысады. Халықаралық су спорты федерациясының жаңа турнирінде тек үздіктер ғана сынға түседі.

«Бейбарыс» чемпиондық атаққа жақындай түсті. Қазақстан біріншілігінің финалдық сериясында Атырау хоккейшілері «Номадтың» осал тұсын тапты. Елордадағы төртінші кездесу 3:2 есебімен «Бейбарыстың» пайдасына аяқталды. Есепті Дмитрий Гренц ашқан. Алайда үзілістен кейін Денис Макаров таразы басын теңестірді. Үшінші ойында «Номадқа» жеңіс сыйлаған Ярослав Евдокимов бұл жолы да командасын алға жетелеп еді. Бірақ «Бейбарыс» ойыншылары қарымта қайтарды. Роман Смирновтың шайбасы ойынды овертаймға соза түсті. Қосымша уақытта жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте Иван Кучин мергендік танытып, «Бейбарыс» жалпы есепте 3:1 нәтижесімен алға шықты. Енді финалдық сынның бесінші кездесуі 11 сәуірде Атырауда өтеді.

Хоккейден Utlc Ice Cup турнирі

Бүгін елордадағы «Барыс аренада» шайбалы хоккейден 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында халықаралық турнир басталады. Оған Еуропа мен Азиядан алты команда қатысады. Еліміздің астанасына Ярославлдың «Локомотиві» мен Петербургтің СКА командасы келді. Минскінің «Динамосы» мен Братиславаның «Слованы» да «Барыс-аренада» сайыс көркін қыздырады. Бейжіңнен «Куньлунь Ред Стар» балалары келіпті. «Барыс» ізбасарлары бүгін СКА хоккейшілерімен шеберлік байқасады. Халықаралық турнир сенбі күні аяқталады.

Керлингтен Қазақстан біріншілігі басталды

Алматыда керлингтен Қазақстан біріншілігі басталды. Бұл сынға еліміздің 6 облысынан 120 үміткер келді. Енді санаулы күндерден соң Норвегияда әлем кубогы мен аралас жұптар арасында әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Оған Қазақстан атынан Ситора Алиярова мен Абылайхан Жүзбай қатысады. Егер біздің құрама үздік 16 команданың қатарынан көрініп жатса олимпиада жолдамасына иелік етеді. Керлинг елімізде кенже қалған спорт түрі. Дегенмен жыл өткен сайын керлингке қызығушылар саны артып келеді. Қазір Қазақстанның 10 облысында керлинг федерациясы ашылып, ұлттық біріншілікке қатысушылардың саны 1500-ге жетіп отыр. Бірақ елімізде мұз айдындарының аздығы керлингтің дамуына кедергі келтіріп отыр - дейді мамандар. Алматыда өтіп жатқан ел біріншілігінің жеңімпаздары сәрсенбі күні анықталады. 

Футбол: Бүгін «Ливерпуль» – «Порту» кездесуі

Бүгін УЕФА чемпиондар лигасының ширек финалдық бәсекелері басталады. Сейсенбінің кешінде «Тоттенхэм» мен «Манчестер Сити» Лондон командасының су жаңа стадионында өзара кім мықтыны анықтайды. Англияның чемпиондар лигасындағы тағы бір клубы «Ливерпуль» «Портуды» қабылдайды. Қазір ағылшын командасы үшін шешуші кезең. Юрген Клопп шәкірттері Еурокубок додасынан бөлек, премьер-лигада «Манчестер Ситимен» чемпиондық атаққа таласып келеді. «Ливерпуль» үшін ішкі біріншілікте топ жару маңызды екені белгілі. Жанкүйерлер де соны қалайды. Алайда былтыр чемпиондар лигасының финалына дейін жеткен команда сол жетістікті қайталауды теріс көрмейді. «Ливерпуль» сапында қорғаушы Робертсон алаңға шықпайды. «Порту» Эррера мен Пепеге сенім арта алмайды.

Хабар 24 телеарнасы