389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қанат Ислам ұзақ үзілістен кейін келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады

  • 517
  • UPD: 13:30, 09.04.2019
Қанат Ислам ұзақ үзілістен кейін келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады Zakon.kz

Боксшы 2017 жылдан бері рингке шықпады.

Алғашқы орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат «QAZAQ» Ислам (25-0, 20 КО) жақында рингке оралады. Ол Vesti.kz-ке берген сұхбатында боксшы жаттығу лагерін ойдағыдай өткізіп жатқанын айтты.

Мұның алдында боксшы Астана күніне орай жекпе-жек өткізетіні хабарланған еді. Кездесу Алматыда өтеді деп жоспарланған болатын. Қарсылас әзірге белгісіз.

Қазіргі таңда боксшы Алматы маңында қызу жаттығып жатыр.

«Иә, дайындықты бастап кеткенбіз. Талғар маңындағы AIBA бокс академсясындамын», - дейді Ислам.

Еске салайық, Қанат Ислам соңғы рет 2017 жылдың 9 қыркүйегінде жұдырықтасқан, ол кезде алғашқы орта салмақта WBO NABO және WBA-NABA белбеулері үшін Астанада канадалық Брэндон Кукты (20-2, 13 КО) нокаутқа түсірген. Оның келесі жекпе-жегі 23 маусым Лос-Анджелеске белгіленген еді, алайда, қазақстандық аяғын жарақаттап алған болатын.

Хабар 24 телеарнасы