379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


WBC Головкин жекпе-жегінің орны мен уақытын хабарлады

  • 384
  • UPD: 16:21, 10.04.2019
WBC Головкин жекпе-жегінің орны мен уақытын хабарлады prosports.kz

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) рингке оралатын уақытын жариялады.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусым күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. GGG  үшін бұл DAZN стриминг қызметімен үш жылдық келісімшарты бойынша алғашқы жекпе-жегі болады. Қарсылас кейін анықталады.

Мұның алдында Головкин жеңілмеген канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) және WBO мен WBA титулдырына ие франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикамға (37-3, 21 КО) жұдырықтасу туралы ұсыныс жасаған. Оған дейін Головкинге қарсылас болуы мүмкін боксшылар арасында британиялық Джон Райдер (27-4, 15 КО), екінші орта салмақта WBA рейтингінде бірінші және GGG-ге спарринг серік болған америкалық Брэндон Адамс (21-2, 13 КО), сондай-ақ EBU тұжырымынша Еуропа чемпионы польшалық Камил Шеремета (19-0, 4 КО) бар еді.

Хабар 24 телеарнасы