378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан құрамасының футболшысы Ресейдің алты дүркін чемпионымен келісімшартқа отырды

  • 232
Қазақстан құрамасының футболшысы Ресейдің алты дүркін чемпионымен келісімшартқа отырды vesti.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының 24 жастағы жартылай қорғаушысы Аида Гайстенова Ресейдің алты дүркін чемпионы перьмдік «Звезда-2005» клубымен келісімшартқа қол қойды.

Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне футболшының ісін жүргізетін Fiftywan inc компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Гайстенова бұл командаға ресейлік «Енисейден» ауысты. Оның командадағы нөмірі – 51. Fiftywan inc регламенті бойынша, компанияның барлық ойыншысы осы нөмірде өнер көрсетеді. Олардың ішінде ең танымалы – «Барыс» жүйесіндегі «Номад» хоккейшісі Мадияр Ибрайбеков. Футболшының келісімшарты бір жылға есептелген.

Былтыр «Звезда-2005» жоғары дивизионда үшінші болып, ел кубогын жеңіп алды. Келесі чемпионат 14 сәуірде басталады.

Айта кетейік, «Енисеймен» келісімшартқа ол былтыр қол қойған. Команда құрамында Гайстенова 13 матч өткізді. Сонымен бірге ол Ресей кубогында үш матчқа қатысты.

Жыл басында Гайстенова әлемдегі ең сымбатты футболшылар рейтингіне енген еді.

Хабар 24 телеарнасы