388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жәнібек Әлімханұлы салмақ өлшеу рәсіміне қатысты

  • 745
Жәнібек Әлімханұлы салмақ өлшеу рәсіміне қатысты prosports.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) АҚШ төріндегі кезекті жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Бұл туралы prosports.kz хабарлайды.

Бұған дейін бес кездесуді өз пайдасына шешкен Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі алтыншы жекпе-жегінде 2 бірдей чемпиондық белбеуге таласқалы отыр. Лос Анжделесте өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығатын Жәнібек мексикалық Кристиан Олливаспен (16-4, 13KO)  жұдырықтасады. 10 раундқа жоспарланған бұл жекпе-жекте WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулері сарапқа салынады. Жәнібектің салмағы орта салмақ лимитімен дәлме-дәл сәйкес келіп, таразыда тура 160 фунтты көрсетті. Ал оның қарсыласы Кристиан Олливастың салмағы 159,2 фунт тартты.  Айта кетейік, аталған жекпе-жек Қазақстан уақытымен 13 сәуір таңертең өтеді. 

Хабар 24 телеарнасы