378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин WBC рейтингісінде бірінші орынды сақтап қалды

  • 307
Головкин WBC рейтингісінде бірінші орынды сақтап қалды Prosports.kz

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ санатында әлемдегі үздік боксшылар рейтингісінің жаңартылған нұсқасын жариялады.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

Орта салмақта бірінші орынды бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин сақтап қалды. Осы салмақта өзге қазақстандық боксшылар өз позицияларын жақсартты. Атап айтқанда, Мейірім Нұрсұлтанов 29-орыннан 26-орынға, ал Жәнібек Әлімханұлы 30-сатыдан 29-ға дейін көтерілді.

Екінші орта салмақта Али Ахмедов 18-орынға жайғасты. (Бұған дейін ол жартылай ауыр салмақта 16-орында болған). Ал Айдос Ербосынұлы 40-орыннан 33-орынға көтерілді.

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов 38-орыннан 31-орынға жоғарлады. Бірінші жартылай орта салмақта Батыр Жүкембаев 37-орыннан 18-орынға шықты.

Хабар 24 телеарнасы