Дзюдодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы 24 жасында қайтыс болды
- 706
- UPD: 15:22, 12.04.2019

11 сәуір күні дзюдодан Қазақстан ұлттық командасының мүшесі Аэлита Щербакова өмірден өтті.
Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті еліміздегі барлық спорттық қоғамдастық атынан талантты спортшының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Бұл – біздің спортымыз үшін орны толмас қайғы. Мұндай қиын сәтті біз сіздермен біргеміз», делінген хабарламада.
Аэлита Щербакова 1995 жылы 5 ақпанда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақстанның екі дүркін чемпионы, әлемдік Гран-при кезеңінің қола жүлдегері (Ташкент, 2017), Азия кубогінің күміс жүлдегері (Ақтау, 2018).