379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жәнібек Әлімханұлы екі титул жеңіп алды

  • 285
  • UPD: 08:55, 13.04.2019
Жәнібек Әлімханұлы екі титул жеңіп алды Prosрorts.kz

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жегін өткізді.

Бұл туралы Prosрorts.kz хабарлайды.

Отандасымыз Лос-Анджелестегі Staples Center аренасында мексикалық Кристиан Оливаспен шыққан. Он раундқа созылған жекпе-жекте Жәнібек қарсыласынан басым болды. Сондықтан төрешілер бір ауыздан жеңісті Әлімханұлына берді. 

Естеріңізге салсақ, бұл кездесуде боксшылар орта салмақта WBA Global және WBC Continental Americas белбеулерін сарапқа салған еді. Енді олар қазақстандық боксшыға тиесілі. 

Айта кетейік, Жәнібек өз мансабында алғаш рет 10 раундтық жекпе-жек өткізіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы