379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жанқош Тұраров рингке оралады

  • 144
  • UPD: 14:59, 13.04.2019
Жанқош Тұраров рингке оралады news.ivest.kz

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров рингке оралу үшін жаттығуын қайта бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жанқош өзінің Инстаграм парақшасында алдағы жоспарларымен бөлісті.

Ол қазір қазақстандық бапкер Сағатбек Мұсахановтың қол астында жаттығып жатыр.

«Рингті сағындым десем болады, жақында өз спорттағы карьерамды жалғастырамын, барша жанашыр бауырларыма, жанкүйерлеріме алғысым шексіз», - деп жазды Тұраров.

Айта кетейік, Тұраров кәсіпқой бокстағы мансабын 2009 жылы бастап, 22 жекпе-жек өткізді. Оның бәрін жеңіспен аяқтаған, 15-ін – нокаутпен.

Хабар 24 телеарнасы