379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Джейкобс: Головкинге қарағанда жылдам әрі мықтымын

  • 136
  • UPD: 19:36, 13.04.2019
Джейкобс: Головкинге қарағанда жылдам әрі мықтымын prosports.kz

Орта салмақта IBF чемпионы Дэниел Джейкобс өзін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен салыстырды.

Бұл туралы prosports.kz хабарлайды.

«Канелоны оның жанкүйері болған сәттен бастап зерттеп келемін. Оның жұдырықтасу мәнерін білемін. Екеуміз де Головинге қарсы жекпе-жек өткіздік. Сол кеште Альварестің мәнеріне қарай икемделемін. GGG-ге қарсы жұдырықтасқан Канелоға дайындалатыным анық. Бірақ сол түні мүлдем басқа боксшымен айқасуым мүмкін. Мен Головкинге қарағанда жылдам әрі мықтымын», - деді Джейкобс BoxingScene сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Альварес - Джейкобс жекпе-жегі 5 мамыр күні Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile кешенінде өтеді.

Хабар 24 телеарнасы