389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футзалдан Yeleu Cup халықаралық турнир жеңімпаздары анықталды

  • 458
  • UPD: 23:24, 14.04.2019
Футзалдан Yeleu Cup халықаралық турнир жеңімпаздары анықталды

Елордада футзалдан дәстүрлі турнир мәресіне жетті. Жарысқа бұл жолы елімізбен қатар Ресейден келген 15 команда қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында әуесқой футболшылардан бастап ұлттық құраманың қатарында ел намысын қорғап жүрген кәсіпқойларға дейін бар. Аладоп шеберлері үш күн бойы өзара мықтыны анықтады. Жарыстың алғашқы күндері топтық кезең кездесулері өтіп, үздік атанғандар соңғы күні бас жүлдені сарапқа салды. Сонымен 2019 жылғы кубокты елордалық «Сайран» клубы жеңіп алды

Мұрат Елеупов , жарыс ұйымдастырушысы:

- Дәстүрлі додамыздың мақсаты айқын. Біз осы спорт түрін кеңінен насихаттап, жастардың оған деген қызығушылығын арттыруды көздейміз. Нәтижесі жаман емес деп ойлаймын. Өйткені соңғы жылдары жарысқа қатысып жүрген жастар қазір ұлттық құрама сапына алынып, еліміздің намысын қорғап жүр. Тағы бір кәсіпқой спортшылар толқыны өсіп келеді. Сондықтан мұндай додалардың жерлестеріміз үшін берері өте көп.

Хабар 24 телеарнасы