378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зидан Роналдудың орнын ешкім баса алмайтынын мойындады

  • 259
Зидан Роналдудың орнын ешкім баса алмайтынын мойындады Спорт-Экспресс

«Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан команданың бұрынғы шабуылшысы Криштиану Роналдуды алмастыру мүмкін емес екенін мәлімдеді.

Маманның сөзін AS.com басылымы келтіріп, «Мәселе Роналдуды алмастыру мүмкін еместігінде. Ол кетті және біз жаңа ойыншылар алуымызға болады. Бірақ келген футболшылар Криштиану жасағанды істей алмасына сенімдімін. Өмір солай, ол «Реал» сапында ұлы дүниелер жасады, бәріміздің төбеміз көкке жететін еді», - дейді Зидан. 

Сонымен бірге, бұл маусымда «Реал»  бірде-бір трофей ұтпағанын, дегенмен, ойнышылар чемпионатты неғұрлым жоғары орында аяқтауға тырысатынын айта кетті. Нақтырақ айтқанда, Зидан екінші орында жайғасып, «Реалдан» бес ұпай алда келе жатқан «Атлетикодан» асқысы келеді. 

Роналду 2018 жылдың жазынан бері «Ювентус» сапында ойнайды. Итальялық клуб Чемпиондар лигасында жарысты жалғастырып, чемпионатта көш бастап келеді. 

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы