389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ПСЖ 2000 жылғы чемпионаттан бері ең ірі жеңіліске ұшырады

  • 495
ПСЖ 2000 жылғы чемпионаттан бері ең ірі жеңіліске ұшырады vesti.kz

«Лилль» футболшылары Франция чемпионатының 32-турында «Пари Сен-Жерменді» ойсырата ұтты.

Лилль қаласындағы «Пьер-Моруа» стадионында өткен кездесу 5:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. «Лилль»  құрамында гол салғандар Николя Пепе (52-минут), Жонатан Бамба (65), Габриэль (72) және Жозе Фонте (84), сонымен бірге Тома Менье автогол салды (7). ПСЖ сапында Хуан Бернат  бір гол соқты (11-минут), ал 36-минутта алаңнан қуылды.

Бұл – ПСЖ үшін 2000 жылғы ұлттық чемпионаттан бергі ең ірі ұтылыс. 2000 жылы 2 желтоқсанда қазір Францияның төртінші дивизионында өнер көрсетіп жүрген «Седан» париждіктерді 5:1 есебімен ұтқан.

ПСЖ жеңіліске қарамастан турнир кестесінде бірінші келеді, париждіктерді «Лилль» өкшелеп келеді, алайда ұпай айырмашылығы үлкен (17). Чемпиондыққа жету үшін париждіктерге қалған матчтерде екі ұпай жинаса болғаны. Сонымен қатар «Лильдің» қалған турларда ұпай жоғалтуы да автоматты түрде ПСЖ-ға балл қосады.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы