377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемнің айтулы теннисшілері Монакоға жиналды

  • 198
  • UPD: 12:25, 16.04.2019

Әлемнің айтулы теннисшілері Монакоға жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Теңіз жағалауындағы әдемі қалада «Мастерс» санатындағы халықаралық турнир басталды. Бұл жарысқа Михаил Кукушкин де қатысады. Қазақстандық теннисші грек Циципаспен кездеседі. Ұтыс қоры бес миллион 207 мың еуроны құрайтын турнирге әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович пен құмды корттың королі Рафаэль Надаль да келді. Атақты теннисшілерді жарыс қарсаңында Монако кназі қабылдап, құрмет көрсетті.

Чемпиондар лигасы: Бүгін «Ювентус» - «Аякс» кездесуі

Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы жартылай финалистері анықталады. Туринде «Ювентус» «Аяксты» қабылдайды. Апта бұрын Амстердамдағы алғашқы кездесу 1:1 есебімен аяқталғаны белгілі. «Ювентус» сапында жарақатына байланысты Манджукич, Кьеллини және Касерес алаңға шықпауы мүмкін. Аллегри командасы биылғы Еурокубок додасында топ жарудан дәмелі. Сондықтан бұл футболшылардың жоқтығы А сериясының мықтысына әсер ете қоймауы тиіс. Роналду бастаған жігіттер өз алаңында аянып қалмайды. «Аякс» Тальяфикоға сенім арта алмайды.

Эрик Тен Хак, «Аякс» ФК бас бапкері:

- «Ювентус» - бұл жұптың мықтысы. Амстердамдағы кездесуден кейін олардың мүмкіндігі арта түсті. Егер біз жақсы ойнасақ, кез келген кедергіні бұзып өтеміз. Аллегри - өте сауатты маман. Ол алғашқы кездесуден қорытынды шығарып, өз жоспарын құрады. Сондықтан біз де тактикалық әдіс-тәсілдерімізді жетілдіре түсеміз.

 

Бүгін «Барселона» «Манчестер Юнайтед» кездесуі

Бүгін чемпиондар лигасының ширек финалдағы екінші ойыны Каталонияда өтеді. «Барселона» - «Манчестер Юнайтедті» күтеді. Англиядағы алғашқы кездесуде Месси бастаған жігіттердің мерейі үстем болды. Алайда 1:0 есебі «Барселона» үшін арқаны кеңге салатын нәтиже емес. Бүгінгі матчқа алаң иелері сапында Рафинья қатыса алмайды. «Юнайтед» қатарында Шоу мен Эррера жоқ. Сондай-ақ Байи мен Валенсияның да жағдайы белгісіз.

Уле Гуннар Сульшер, «Манчестер Юнайтед» ФК бас бапкері:

- Қазір мені алдағы ойын ғана алаңдатады. Бізге бір доп соғып, қақпамызға гол жібермеу керек. Егер жоспарымыз жүзеге асса, ойын барысы біз ойлағандай болады. Мүмкіндігіміз артып, көп гол соғуға жол ашылады.

 

Шайбалы хоккей: Қазақстан жасөспірімдер командасы Франциядан басым түсті

Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатындағы екінші кездесуінде Франциядан 7:2 есебімен басым түсті. Ертең біздің құрама Украинамен ойнайды.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші дивизиондағы А тобының ойындары Францияның Гренобль қаласында өтіп жатыр. Спорт әлеміндегі өзге де жаңалықтар алдағы топтамада.

Хабар 24 телеарнасы