379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің карате құрамасы премьер-лига турниріне аттанды

  • 300
  • UPD: 15:25, 17.04.2019
Еліміздің карате құрамасы премьер-лига турниріне аттанды

Каратеден Қазақстан командасы Парижде Франция құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Құрама мүшелері Марокконың Рабат қаласына бет алады.

Айта кетелік, Қазақстан каратешілері Франция тарапының шақыртуымен 10 күндік бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын. Енді команда мүшелері Рабатта өтетін Премьер-лига турниріне қатысады.

Тап осы сыннан бастап каратедегі  лицензиялық ұпай алу жүйесінде бірқатар айырмашылықтар болмақ. Әлемдік және олимпиадалық рейтингте аздаған өзгерістер орын алады. 

Рабаттағы турнирге Қазақстан атынан төмендегі спортшылар қатысады: 

Мөлдір Жаңбырбай (50 келі), Сабина Захарова (55 келі), Гузалия Гафурова (-68 келі), Софья Берульцева (+68 келі); 

Дархан Асаділов (60 келі), Қайсар Алпысбай (60 келі), Дидар Әмірәлі (-67 келі), Ермек Айназарова (75 келі), Игорь Чехмарев, Данияр Юлдашев (84 келі). 

«К-1 Premier League Rabat open» турнирі 17-22 сәуір аралығында өтеді.

Prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы