430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин Роллспен жекпе-жек үшін қанша сыйақы алады?

  • 919
Головкин Роллспен жекпе-жек үшін қанша сыйақы алады? prosports.kz

Boxingnews24.com журналисі Аллан Фокс орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегінде қанша сыйақы алатыны жайында ой топшылады.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

Головкин 8 маусымда Нью-Йоркте канадалық Стив Роллспен жекпе-жек өткізеді.

«Головкин Роллспен кездесу үшін 15 миллион доллар алады деген ақпарат шықты. Бұл – осындай жекпе-жек үшін көп ақша. DAZN Головкин мен оның менеджментіне стриминг алпауытындағы дебютінде бар мүмкіндікті берген секілді. Ал Роллспен жекпе-жектен соң Головкинге үлкен сыйақысын Сауль Альварес, Дэниэл Джейкобс, Деметриус Эндрейд пен Джермалл Чарло секілді «арыстандармен» жекпе-жек арқылы қайтаратын шығар», - деп жазды ол материалында.

Хабар 24 телеарнасы