389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Roland Garros-2019. Ел намысын кімдер қорғайды?

  • 373
Roland Garros-2019. Ел намысын кімдер қорғайды? Prosports.kz

Парижде өтетін Roland Garros турнирінің қатысушылар тізімі жарияланды.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

Байрақты доданың ерлер арасындағы сайысында Қазақстанның намысын Михаил Кукушкин (рейтингте 42-орын) мен Александр Бублик (рейтингте 100-орын) қорғайды.

Әйелдер арасында да қазақстандық екі теннисші сынға түседі. Рейтингте 38-орында тұрған Юлия Путинцева мен 107-сатыдағы Зарина Дияс турниде негізгі кезеңнен бастап бақ сынайды.

Айта кетейік, турнир 26 мамыр мен 9 маусым арасында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы