379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бокс: Таиландта өтетін Азия чемпионатына кімдер қатысады?

  • 396
Бокс: Таиландта өтетін Азия чемпионатына кімдер қатысады?

Бүгін Таиланд астанасы Бангкок қаласында бокстан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрлық біріншілігінде ауыр салмақтағы Ләззат Күнгейбаева мен Фариза Шолтай кем дегенде қола медальға қол созады. Жеребе бойынша қазақстандық бұрымды боксшылар жарысты жартылай финалда бастайды. 49 келідегі Теміртас Жүсіпов 1/8-финалда шаршы алаң иесі Самак Саеханмен жұдырықтасады. 52 келідегі Әнуар Мұзаппаров іріктеу кезеңінде моңғолиялық Енкмандах Хардуржумен кездеседі. Қайрат Ералиев кореялық Я Чан Лимен сынға түссе, Зәкір Сафиуллиннің қарсыласы Вей - Шехаб жұбы арасында анықталады. Санатәлі Төлтаев индонезиялық Либертус Гамен шеберлік байқасады. Асланбек Шымбергенов Хьюн Чул Лим мен Арди арасындағы жеңімпазды күтеді. Тұрсынбай Құлахмет солтүстіккореялық Чон Ли Хонмен шаршы алаңға шықса, Бек Нұрмағанбет кувейт өкілі Алмутахирдің осал тұсын іздейді. Василий Левит Иран боксшысы Амириге қарсылас атанды. Қамшыбек Қоңқабаев Непалдан келген Ашис Давадимен кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы