378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


В.Худяков жүзуден Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

  • 195
  • UPD: 23:07, 19.04.2019
В.Худяков жүзуден Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

19 сәуір күні Кувейтте ашық суда жүзуден Азия чемпионаты бастау алды.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық Виталий Худяков алтын медальді иеленді деп хабарлайды Olympic.kz.

Бес шақырым қашықтықта өнер көрсетуі Худяковқа жеңіс әкелді. 

Екінші орын жапониялық спортшыға бұйырса, үздік үштікті қытайлық жүзгіш қорытындылады. 

Тағы бір қазақстандық спортшы Лев Черепанов мәреге төртінші болып келді. 

Айта кетерлігі, ертең 10 шақырым қашықтықта жүзуден жарыс өтеді.

Хабар 24 телеарнасы