379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин биыл Альвареспен кездеспеуі мүмкін

  • 146
Головкин биыл Альвареспен кездеспеуі мүмкін prosports.kz

Boxing247.com журналисі Джеймс Слэтердің пікірінше, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2019 жылы үлкен жекпе-жек өткізбеуі ықтимал.

«Канело Головкинмен ол чемпиондық белбеу жеңіп алса ғана жұдырықтасатынын айтты. Ал Джейкобстың мәлімдеуінше, Головкиннің командасы онымен екінші кездесу өткізуді жоспарлап отырған жоқ. Егер екі боксшы да шындықты айтып отырса, Головкинге не істеу керек? 4 мамырда кім жеңіске жетсе де, көңіліне толмауы мүмкін», - деп жазды автор өз колонкасында.

Айта кетейік, Головкин маусымда Нью-Йоркте канадалық боксшы Стив Роллспен жұдырықтасады.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы