Біріккен Араб Әмірлігінде өтіп жатқан Азия чемпионатында дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг ел қоржынына алғашқы медаль салды.
Финалда 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесімен шыққан отандасымыз Қытайдың балуан қызынан жеңіліп қалып, күміс медальді місе тұтты.
Сондай-ақ ерлер арасында қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев қола жүлде иеленді. Ол өзбек дзюдошысы Шарофиддин Латфуллаевты жеңді.
Prosports.kz
Аударған: Г.Абилова