377.97 423.44 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасының футбол командасы BAQ лиганың 5 дүркін чемпионы атанды

  • 154
  • UPD: 19:53, 21.04.2019

«Хабар» телеарнасының футбол командасы журналистер арасындағы лиганың 5 дүркін чемпионы атанды.

Шешуші ойында БАҚ лиганың 4 мәрте жеңімпаздары Қазмедиа клубымен кездесті. Бұл матчта хабарлықтар қарсыласынан 7:5 есебімен басым түсті. Үздік үштікті Елорда ақпарат командасы түйіндеді. Айта кетейік, БАҚ лига осымен бесінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Биыл 15 команда А және Б лигаларына бөлініп, өзара мықтыларды анықтады. Төменгі біріншілікте үздік атанған үш ұжым Астана ТВ, Қазақ радиосы және Еларна командалары енді жоғарғы лигада бақ сынайды.

Хабар 24 телеарнасы