378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық Ник Вуйчич атанған бала Мессимен кездесті

  • 234
Қазақстандық Ник Вуйчич атанған бала Мессимен кездесті Tengrinews

Қазақстандық балалар Әли мен Әмір әйгілі футбол жұлдызы Леонель Мессимен кездесті.

Бұл туралы балалардың анасы Ақмарал Әміреева өзінің фейсбуктегі парақшасында жазған.

«Мен жаратқанға Әли мен Әмірдің арманын орындағаны үшін алғыс білдіремін. Әли армандады, Жаратқан оның арманын орындады. Біз Қайрат Боранбаев мырзаға осы сапарға демеушілік еткені үшін алғысымызды білдіреміз. Біз «Барселона» футбол клубымен көп уақыттан бері байланысып жүрдік. Мұндай кездесуге қол жеткізу оңай емес еді, әрине. Алайда біз осындай мүмкіндіктің орайы туғанда әрі қарай не істерімізді білмей дал болдық. Өйткені ол жаққа барып келу қымбат болатын», – деп жазды балалардың анасы.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы