379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азия чемпионаты: Жартылай финалда 7 боксшымыз өнер көрсетеді

  • 425
Азия чемпионаты: Жартылай финалда 7 боксшымыз өнер көрсетеді Prosports.kz

23 сәуірде Бангкокта өтіп жатқан (Таиланд) Азия чемпионатының ширек финалдық кездесулері аяқталды.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

Қазақстан ерлер құрамасы сапында сынға түсіп жатқан 10 боксшының жетеуі жартылай финалға өтті. Олар: Теміртас Жүсіпов (49 келі), Закир Сафиуллин (60), Санатали Төлтаев (64), Тұрсынбай Құлахмет (75), Бек Нұрмағанбет (81), Василий Левит (91), Қамшыбек Қоңқабаев (+91).

Ал 52 келіде өнер көрсеткен Әнуар Мұзапаров, 56 келідегі Қайрат Ералиев және Асланбек Шымбергенов жарыс жолынан шығып қалды. «Қазақ салмағы» атанып кеткен 69 келіде бақ сынайтын Шымбергенов ширек финалда өзбек боксшысы Бобо-Усмон Батыровқа есе жіберді.

Жартылай финалдық жұптар:

Ерлер:

49 келі. Теміртас Жүсіпов - Дипак (Үндістан)

60 келі. Закир Сафиуллин - Шива Тхапа (Үндістан)

64 келі. Санатәлі Төлтаев - Баходир Усмонов (Тәжікстан)

75 келі. Тұрсынбай Құлахмет - Нурсахат Паззыев (Түрікменстан)

81 келі. Бек Нұрмағанбет - Эркин Адылбек уулу (Қырғызстан)

91 келіге дейін. Василий Левит - Ким Хьен Кю (Оңтүстік Корея)

91 келіден жоғары. Қамшыбек Қоңқабаев - Сатиш Кумар (Үндістан)

Ал толық құрамда аттанған қыздар құрамасынан төрт боксшы ғана жартылай финалда өнер көрсетеді. Оның өзінде екеуі жарысты жартылай финалдан бастағалы отыр.

64 келі. Милана Сафронова 

69 келі. Дариға Шакимова 

81 келіге дейін (25 сәуір) - 1/2 финал. Фариза Шолтай - Пооха Рани (Үндістан)

81 келіден жоғары (25 сәуір) - 1/2 финал. Ләззат Күнгейбаева - Ксяоли Ян (Қытай)/Сима Поониа (Үндістан)

Хабар 24 телеарнасы