378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин мен Роллс көз арбасты

  • 364
Головкин мен Роллс көз арбасты inform.kz

Геннадий Головкин мен Стивен Роллс Лос-Анжелесте жүздесіп, көз арбасты.

Кәсіпқой боксшылардың жекпе-жегі сегізінші маусымда Нью-Йорк қаласындағы «Мэдиссон Сквер Гарден» кешенінде өтеді. Қазақстандық боксшы әдеттегідей жанкүйерлерге керемет шоу сыйлайтынын мәлімдеді. 35 жастағы Канадалық былғары қолғап шебері кәсіби рингте 19 кездесу өткізіп, барлығында басым түскен. Алайда айтулы атаққа жеткен емес. Головкин Ролсске құрметкен қарайтынын жеткізіп, шоу жасауға лайықты боксшы деді. Қазақстандық спортшы бұл жекпе-жекте 15 миллион доллар алуы мүмкін.  

Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Қазақстандық Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен Азия чемпионы атанды. Қытайдың Сиянь қаласында басталған құрлық біріншілігінде жерлесіміз 70 келі салмақта топ жарды. 65 келідегі Саятбек Оқасов финалда үнді балуанына есе жіберіп, күміс медальға қол созды. Ғалымжан Өсербаев пен Ерғали Әлішер қола жүлдені еншіледі.

Хабар 24 телеарнасы