378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АПЛ тарихындағы ең жылдам гол соғылды

  • 313
  • UPD: 12:06, 24.04.2019
АПЛ тарихындағы ең жылдам гол соғылды vesti.kz

«Саутгемптон» шабуылшысы Шейн Лонг Англия премьер-лигасы 31-турының кейінге шегерілген «Уотфордпен» матчында (1:1) гол салды.

32 жастағы форвард ойынның жетінші секундында гол салды. Бұл АПЛ тарихындағы ең жылдам гол болды.

Мұның алдындағы рекордты «Тоттенхэм» ойыншысы Ледли Кинг жасаған еді. 2000/2001 маусымында ол «Брэдфорд» қақпасына тоғызыншы секундта гол салған.

АПЛ-дің биылғы маусымында Лонг 23 матч өткізіп, төрт гол соқты.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы