378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ташкентте еліміздің велоспортшылары бір күнде 3 алтын медаль жеңіп алды

  • 158
  • UPD: 23:34, 24.04.2019
Ташкентте еліміздің велоспортшылары бір күнде 3 алтын медаль жеңіп алды

Ташкентте велоспорттан өтіп жатқан Азия чемпионатында 24 сәуірде Қазақстан командасы үшінші алтынын жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

23 жасқа дейінгі спортшылар арасында қазақстандық Евгений Федоровқа тең келер ешкім болмады. 

Естеріңізде болса, Евгений Федоров 2018 жылы Буэнос-Айресте өткен жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарған еді. Жас спортшы өзінің құрлықта да теңдессіз екенін дәлілдеді. 

Айта кетелік, 24 сәуірде жасөспірімдер арасындағы жекелей сында Максим Попугаев пен Ульяна Сухоребрик Азия чемпионы атанған.

Хабар 24 телеарнасы