389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Сарыарқа» Ресей Жоғары хоккей лигасының чемпионы атанды

  • 685
  • UPD: 10:15, 25.04.2019
«Сарыарқа» Ресей Жоғары хоккей лигасының чемпионы атанды Sports.kz

Данияр Қайсанов еркін күрестен Азия чемпионы атанды.

Қазақстандық балуан 74 келіде топ жарды. Қытайдың Сиянь қаласында өтіп жатқан құрлық біріншілігінде еліміздің еркін күрес шеберлері екі алтын, бір күміс, екі қола медальға қол жеткізді.

«Сарыарқа» Ресей Жоғары хоккей лигасының чемпионы атанды. Қарағанды командасы финалдық серияда Түменнің «Рубинінен» басым түсті. Сырт айдындағы бесінші кездесуде «Сарыарқа» 4:1 есебімен жеңіске жетті. Жалпы нәтиже де осылай аяқталды. Соңғы матчта Артур Сарваров, Эмиль Нұрғалиев, Олег Ломако және Максим Кицын мергендік танытты. «Рубин» хоккейшілері жалғыз шайбамен жауап қатты. Леонид Тамбиевтен тәлім алатын Қарағанды командасы өзіндік рекорд жасады. Біріншілікті оныншы орында аяқтаған «Сарыарқа» плей-офф кезеңінде қарқынын күшейтіп, Петров кубогын ұтып алды. «Сарыарқа» қақпашысы Эдуард Рейзвих лиганың ең бағалы ойыншысы атанды.

Премьер-Лига: «Қайрат» – «Атырау» – 2:0

Қазақстан премьер-лигасының кейінге шегерілген 20-турында «Қайрат» «Атырауды» қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. 17-минутта Эппель Мартон есеп ашты. Үзілістен кейін ойын шиеленісе түсті. 77-минутта «Атырау» футболшысы Айбар Нұрыбеков алаңнан қуылды. Қонақ команданың бас бапкері Виктор Кумыков матчтан кейін төрешілер жұмысына сын айтып, қазыларға қатысты дауды қозғады. «Қайрат» бір ойыншысы кем команда қақпасына екінші допты 90-минутта соқты. Эппель Мартон осы ойындағы екінші голын еншісіне жазып, кездесуге нүкте қойды.

«Қайрат» жеті турдан кейін 15 ұпаймен үшінші орынға жайғасты. «Атырау» 4 ұпаймен оныншы орында қалды. Турдың өзге ойындары сенбі күні өтеді.

Футбол: «Манчестер Юнайтед» – «Манчестер Сити» – 0:2     

«Манчестер Сити» ағылшын премьер-лигасында чемпиондық атаққа сенімді қадам жасады. Пеп Гвардиола шәкірттері «Юнайтедке» қонаққа барып, маңызды жеңістеріне қол жеткізді. «Олд Траффордтегі» кездесу 2:0 есебімен көктердің пайдасына аяқталды. Бернарду Силва мен Лерой Саненің голы «Манчестер Ситиді» бірінші орынға көтерді. 35-турдан кейін «Сити» 89 ұпаймен топ бастады. Олардың басты қарсыласы «Ливерпуль» 88 ұпаймен екінші тұр. «Манчестер Юнайтед» осы жеңілістен кейін 64 ұпаймен алтыншы орында қалып қойды. 

Хосеп Гвардиола, «Манчестер Сити» ФК бас бапкері:

- Бізге қуануға әлі ерте. Сенбі күні «Бернлиге» қарсы қиын кездесу күтіп тұр. Алты ай бойы үздіксіз ойнап келеміз. Футболшыларым демалысты ұмытты. Олар керемет ойнап жүр. Біз баспасөз пен теледидар қарамаймыз. Тек алдағы кездесуге тыңғылықты дайындаламыз. «Ливерпуль» өкшелеп келеді. Енді чемпиондық атақтың тағдыры өз қолымызда. 

Ағылшын премьер-лигасының 36-турында «Ливерпуль» «Хаддерсфилдті» қабылдаса, «Ман Сити» «Бернлиге» қонаққа барады.

Хабар 24 телеарнасы