378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бокстан Азия чемпионаты: қоржынымызда үш қола бар

  • 352
  • UPD: 15:27, 25.04.2019
Бокстан Азия чемпионаты: қоржынымызда үш қола бар http://olympic.kz

Ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Василий Левит Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

91 келіге дейінгі салмақта 1/2 финалда Левит Оңтүстік Корея боксшысы Ким Хьен Кюмен жұдырықтасты. Қазақстандық екі рет нокдаунға түскеннен кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. 

Сонымен бірге, 64 келіге дейінгі салмақта тағы бір қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев жартылай финалда тәжікстандық Баходир Усмоновтан төрешілер шешімі бойынша жеңілді.

Осылайша, Левит және Төлтаев – 2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегерлері. 

Осымен Қазақстан қоржынында үш қола жүлде. Мұның алдында Теміртас Жүсіповті қабағының жарылғанына байланысты ринге шығармады. Ол да қола жүлде иегері атанды. 

Хабар 24 телеарнасы