Алматыда футзалдан дүбірлі жарыс басталды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.
Бұл – УЕФА Чемпиондар лигасының төрттік турнирі. Байрақты бәсекеде ел намысын жергілікті «Қайрат» қорғайды. Алаң иелері жартылай финалда Каталонияның «Барселонасымен» шеберлік байқасады. Бұл ойын санаулы минуттардан кейін басталады. Жарыс «Алматы Аренада» өтіп жатыр.
Авторы: Жандос Айтбайұлы