379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қуат Хамитов чемпиондық титул үшін жекпе-жекте ұтылып қалды

  • 171
  • UPD: 10:13, 27.04.2019
Қуат Хамитов чемпиондық титул үшін жекпе-жекте ұтылып қалды Tengrinews

Қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов ресейлік Fight Night Global ұйымының чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жекте әзербайжандық Нариман Аббасовтан ұтылып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz

Мытищи қаласында өткен FNG93 турнирінде спортшылар бес раунд бойы күш сынасты. Нәтижесінде төрешілер жеңісті Нариманға берді - 48:47, 47:47 және 48:47.

Айта кетейік, Хамитов октагонға шықпас бұрын бір ұпайынан айырылған еді, себебі ол өз категориясының салмағынан ауырлау болып шықты. 

Бұл – Қуаттың 2017 жылдың қарашасынан бері алғашқы жекпе-жегі. 

Қуат Хамитовтың ендігі статистикасы: 19 жеңіс, 1 тең және 7 жеңіліс. 

Хабар 24 телеарнасы