379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық боксшы жекпе-жек өткізбей жеңімпаз атанды

  • 151
  • UPD: 10:41, 27.04.2019
Қазақстандық боксшы жекпе-жек өткізбей жеңімпаз атанды ERNUR.KZ

26 сәуірде лондондық York Hall аренасында бокс кеші өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кешке жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Нұртас Әжбенов қатысуы керек болған. Бірақ жекпе-жек алдында оның қарсыласы армениялық Хамо Аперян рингке шығудан бас тартты. Алты раундқа жоспарланған жекпе-жек өтпей қалды.

Спортшының не үшін кездесуден бас тартқаны белгісіз.

Айта кетейік, Әжбенов кәсіпқой рингте төрт жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған. Оның біреуі – нокаутпен.

Хабар 24 телеарнасы