379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыр атлет Р.Мешітханова Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

  • 197
  • UPD: 19:41, 27.04.2019
Ауыр атлет Р.Мешітханова Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Қазақстандық спортшы Раушан Мешітханова Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Раушан Мешітханова 81 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Ол қоссайыстың нәтижесімен 205 келіні бағындырды. Айта кетерлігі, ол серпуде өз салмағында ең үздік көрсеткішке қол жеткізген еді. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан құрамасы қоржынына үш медаль түсті. Азия чемпионатында Арли Чонтей (55 келі) мен Денис Уланов (81 келі) та үшінші орын алған болатын. Сондай-ақ бұған дейін Зульфия Чишанло (55 келі), Карина Горичева (64 келі) және Илья Ильин (96 келі) медальден құр қалды. Ал 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов (89 келі) алған жарақатына байланысты жарысқа қатысқан жоқ. Азия чемпионаты 28 сәуірде мәресіне жетеді. Дүбірлі додада 2020 жылғы Олимпиадаға жолдамалар беріледі.  

Хабар 24 телеарнасы