378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметтен кетті

  • 154
  • UPD: 21:04, 27.04.2019
«Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметтен кетті

«Атырау» командасының бас бапкері, ресейлік маман Виктор Кумыков қызметінен кетті.

«Атырау» футбол клубынан түскен мәліметке cәйкес, бас бапкерлік міндетін уақытша Қуаныш Қабдолов атқарады. Клуб басшылығы Виктор Балютовичке атқарған жұмысы үшін алғысын білдіріп, оның орнына жаңа бапкер іздестіріп жатқанын жеткізді. Осылайша В.Кумыков биылғы маусымда премьер-лига командалары арасында бірінші болып орнын босатып отыр. Талдықорғанда «Жетісу» командасымен 0:0 есебімен тең ойнаған атыраулықтар 5 ұпаймен турнир кестесінде небәрі оныншы орында келеді. Соңғы сегіз ойында команда алты рет жеңіліске ұшырап, екі мәрте ғана тең түсті. Бұл әрине көңіл көншітерлік нәтиже емес. Еске сала кетейік, бұдан бұрын бірінші лигада өнер көрсететін «Ақжайықтың» бас бапкері қызметінен кеткен болатын. Оралдықтар ертең Петропавлда өзі сияқты өткен жылы премьер-лигадан түсіп қалған «Қызылжар» командасымен маңызды кездесулерінің бірін өткізеді.

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы