378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бурабайда веломаусым ресми түрде ашылды

  • 132
  • UPD: 15:28, 28.04.2019
Бурабайда веломаусым ресми түрде ашылды

Алайда аймақта ауа райы велосипед тебуге қолайсыз болып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті, күні кеше күн суытып, қар аралас жаңбыр жауды. Дегенмен дәстүрлі велошеруге 100-ден астам адам жиналды. Олар 28 шақырым жолды бағындыруға тырысты. Ал былтыр осындай шараға 400-ге жуық адам қатысқан еді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, велошеруді өткізудегі мақсат – саламатты өмір салтын насихаттаумен қатар туризмді дамыту. Сондықтан бұл шараға тек көкшетаулықтар ғана емес, елордалықтар да атсалысты.

Ержан Данияров, қатысушы /Нұр-Сұлтан/:

- Бурабайға екінші рет келәп тұрмын. Өткенде тамыз айында «Бурабайкқа» келген едім. Велосипедпен шынығу денсаулыққа өте пайдалы. Елордада велосипедпен күніне 20-25 шақырым жол жүремін. Үйден жұмысқа дейін. Сәуірдің соңынан және де қазанның ортасына дейін веломаусым ғой, сол уақытта жүремін.

Хабар 24 телеарнасы