379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Роналду 600-голын соқты

  • 163
Роналду 600-голын соқты Football.ua

Италия А сериясының 34-турында «Ювентус» пен «Интер» командалары кездесіп, 1:1 есебімен тең тарқасты, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында туриндік команданың шабуылшысы Криштиану Роналду бір гол соғып, есепті теңестірген болатын. Бұл португалиялық футболшы үшін клубтық мансабында соққан 600-голы болды. 

Роналду «Спортинг» сапында 5 гол, «Манчестер Юнайтедте» 118 гол, «Реал» үшін 450 гол, ал қазіргі командасы «Ювентусте» 27 гол соқты.

Сонымен қатар 10 маусым бойы ұлттық лигаларда 20+ гол соғып келеді.

Хабар 24 телеарнасы