378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футзал: «Қайрат» «Спортингке» есе жіберді

  • 231
  • UPD: 22:28, 28.04.2019
Футзал: «Қайрат» «Спортингке» есе жіберді Prosports.kz

Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының финалында португалиялық «Спортингке» есе жіберді.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

Жартылай финалда «Интерді» жеңген «Спортинг» пен «Барсаны» жарыстан шығарған «Қайрат» чемпиондық тәжге таласты. Ойынның алғашқы минутында Тайнанның жасаған соққысы бағанаға тиді. Португалиялықтар біздің қақпаға қанша соққы жасағанымен, Игита орнынан табылды. 4-минутта Тайеби қарсыластарға қарсы соққы жасады. Алайда «Спортинг» қақпашысы дер кезінде допты қаға білді. Алматылықтар кездесудің 7-минутында есеп ашуға жақын болды. Алайда «Қайратқа» дәлдік жетіспеді. Алматылық голкипер Игита қақпаға бірнеше соққы жасағанымен, португалиялық Гитта допты қайтара білді. Таймның аяқталуына бір минут қалғанда Тайнан қарсыластарға тағы бір гол соғуға ұмтылыс жасады. Алайда «Спортинг» қорғаушысы Лео  шеберлік  танытып, допты қақпа сызығынан алып шықты. Үзіліске дейін есеп ашылған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы