378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық жанкүйерлер хоккей матчтарына арнайы автобуспен бара алады

  • 276
Елордалық жанкүйерлер хоккей матчтарына арнайы автобуспен бара алады elorda.info

Әлем чемпионатының хоккей матчтарына көрермендерді арнайы «Shuttle-Bus» автобустары апарады, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана ЛРТ компаниясына сілтеме жасап.

29, 30 сәуір күндері, сондай-ақ мамырдың 1, 2, 3, 4 және 5 күндері әлем чемпионатының хоккей матчтарының өткізілуіне байланысты арнайы «Shuttle-Bus» автобустары ұйымдастырылады.

Жиналу нүктелері - «Қазақстан» спорт кешенінің тұрағы және Қанжығалы Бөгенбай батыр ескерткіші алдындағы тұрақ (Бөгенбай – Сарыарқа қиылысы), «Нұр Астана» мешітінің тұрағы, елордалық цирк тұрағы.

Автобустар матчтың басталуына екі сағат қалғанда жүреді.

«Автобустар «Словения-Қазақстан», «Беларусь-Венгрия», «Қазақстан-Литва», «Корея-Қазақстан», «Венгрия-Словения», «Қазақстан-Беларусь» және «Қазақстан-Венгрия» арасындағы матчтарда қызмет көрсетеді», - делінген компанияның хабарламасында.

Жеткізу орны - «Барыс - Арена» спорт кешені.

Арнайы шаттл автобустарындағы жол жүру құны қоғамдық көліктегідей (90/180 картамен/қолма-қол төлем).

Хабар 24 телеарнасы