389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чехия құрамасының футболшысы жол апатынан көз жұмды

  • 257
  • UPD: 18:52, 29.04.2019
Чехия құрамасының футболшысы жол апатынан көз жұмды Life.ru

Түркиялық «Аланияспор» клубының автобусы жол апатына түсіп, салдарынан чехиялық жартылай қорғаушы Йосеф Шурал мерт болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркия чемпионаты аясындағы матчта қатысып, Кайсериден қайтқан автобус жол апатына түсіп, жеті футболшы зардап шекті.

Дәрігерлер ауыр жарақат алған чехиялық футболшы Йосеф Шуралды аман алып қала алмады.

28 жастағы Шурал түркиялық «Аланияспор» клубына прагалық «Спартадан» 2019 жылы қаңтарда ауысқан. Футболшы 11 матчқа қатысып, бір гол соқты.

Хабар 24 телеарнасы