378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жылыой жастары жаппай марафонға қатысты

  • 67
Жылыой жастары жаппай марафонға қатысты

Атырау облысы Жылыой ауданында жаппай марафон өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жастар жылы аясында ұйымдастырылған спорттық шараға 1000-нан астам жас пен мектеп оқушылары қатысты. Ауданда алғаш рет қолға алынған марафонда тұрғындар да белсенділік көрсетті. Жарыс жолына шыққандардың ең кішісі 6 жастағы бүлдіршін болса, ересегі 57 жастағы мұнайшы болды. Жалпы Жылыой ауданында 21 мыңнан астам бозбала мен бойжеткен тұрады. Олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру мақсатында спорттық-мәдени шаралар қолға алынбақ.

Хабар 24 телеарнасы