388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкиннің Абель Санчестен кетуіне қатысты жаңа деректер белгілі болды

  • 601
Головкиннің Абель Санчестен кетуіне қатысты жаңа деректер белгілі болды vesti.kz

New York Post басылымы орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) америкалық бапкер Абель Санчестен кетуіне қатысты жаңа деректер жариялады.

25 сәуірде Головкин 2010 жылы жаттыға бастаған бапкермен жұмысын тоқтататынын мәлімдеген болатын. Мұны ол өзінің әрі қарай ілгерлегісі келгендігімен түсіндірді және бапкердің кәсіби біліктілігіне қатысты еместігін айтқан.

Ал Санчес өз кезегінде қазақстандық боксшыны «ашкөз және қайыры жоқ» деп айыптады. Головкин DAZN-мен келісімшарттан кейін бапкердің еңбекақысын төмендеткісі келген екен, бапкер бұған келіспеген.

«Головкин жаңа бапкерінің есімін әлі жарияламады, алайда сыбыстарға қарағанда, бірнеше маманды қарастырып отыр. Мәлімет көзінің ақпаратынша, 37 жастағы Головкинге DAZN-мен келісімшарттан қаржылай пайданы арттыру бойынша отбасы тарапынан қысым болды. Бұл жоспардың бір бөлігі – бапкерге стандартты он пайыздық еңбекақыны жұмсамау. Санчестің сөзінше, оған бес пайыз ұсынылған», – делінген ескертпеде.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы