379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әли Ахмедов GGG - Роллс жекпе-жегінің андеркатында жұдырықтасады

  • 266
Әли Ахмедов GGG - Роллс жекпе-жегінің андеркатында жұдырықтасады prosports.kz

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін Әли Ахмедов (14-0, 10КО) 8 маусым күні Нью-Йоркте өтетін Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) — Стив Роллс (19-0, 10 КО) жекпе-жегінің андеркатында жұдырықтасатын болады.

Бұл туралы BoxRec.com сайтында ресми хабарланды. Бірақ қазақстандықтың қарсыласы әлі белгісіз.

Айта кетейік, Әли Ахмедов GGG Promotions промоутерлік компаниясының клиенті болып табылады.

8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінде Головкин DAZN платформасы аясындағы алғашқы жекпе-жегін өткізгелі отыр.

Ақпарат көзі: Prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы