379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кәсіпқой боксшы мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесті

  • 222
  • UPD: 10:47, 01.05.2019
Кәсіпқой боксшы мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесті Sports.kz

Елордада хоккейден әлем чемпионаты жалғасып жатыр.

Жарыстың алғашқы күні жерлестеріміз Словения құрамасын жеңген болатын. Енді бүгін екінші кездесуін Литва хоккейшілеріне қарсы өткізеді.

Еліміздегі аралас жекпе-жек шеберлері алғаш рет елорда төрінде бас қосып, панкратионнан өзара мықтыны анықтады. Республикалық чемпионатқа 200-ден аса спортшы қатысты. Олар 2 күн бойы 8 салмақ дәржесінде сынға түсті. Айта кету керек, жекпе-жектер панкратионның дәстүрлі және элиталы түрлері бойынша өтті. Жарыс аясында ерлер бөлек, әйелдер бөлек, ардагерлер бөлек бас жүлдені сарапқа салды. Нәтижесінде жеңімпаздарға арнайы белдік табысталды. Бұған қоса үздік спортшылардан ұлттық құрама жасақталып, алдағы халықаралық додаларда ел намысын қорғауға мүмкіндік алды. 

Сафия Телеубаева, ҚР Жекпе-жек өнері қауымдастығының спорттық менеджері:

- Осы пакратион, грэпплинг, муайтай сияқты олимпиадалық емес спорт түрлерінің өкілдері әлемдік ареналарда жиі жеңіске жетіп, көк туымызды желбіретіп жатады. Бірақ, сөздің шыны керек, олардың еңбегі елене бермейді. Осы мақсатта біз жекпе-жек өнерінің қауымдастығын құрдық және осы спорт түрлерінің дамуын кешенді түрде қолға алмақпыз.

Кәсіпқой боксшы мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесті

Кәсіпқой бокс шебері Айдос Ербосынұлы елордадағы мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесті. «ФОК АЛИ» спорттық-сауықтыру клубының бүлдіршіндері танымал спортшымен емін-еркін әңгімелесіп, көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Сонымен қатар Айдос Ербосынұлы оларға шеберлік сабағын өткізіп, бокстың қыр-сырын үйретті.

Айта кетейік, 27 жастағы Айдос қазір WBO тұқжырымы бойынша әлемнің үздік 15 боксшысының қатарына кіреді. Бүгінге дейін 11 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. «Ал дайындықтан қолы қалт ете қалғанда осындай балалармен бірге жұмыс жасап, барынша қолдау көрсетуге тырысамын», – дейді. 

Айдос Ербосынұлы, кәсіпқой боксшы:

- Балалар ауруларынан айығуына кішкене себеп бола ма деген үмітпен келіп отырмыз. Балалар өте қатты қуанып, жақсы болып қалды. Өзіміздің сыйлықтарымызды беріп, кішкене көңілдерін көтеріп қайттық.

Рекордттық деңгейдегі жүлде қоры

Теннистен дәстүрлі «Уимблдон» бәсекесінің жүлде қоры биыл 50 миллион долларды құрайды. Бұл – өткен жылдармен салыстаырғанда әлдеқайда жоғары көрсеткіш. Тіпті рекорд деуге де болады. Сәйкесінше жарысқа қатысушылардың сыйақысы 2 есе артқалы отыр. Байрақты бәскенің өзі шілденің 1-і мен 14-і аралағында өтеді.

Айта кетейік, өткен жылғы «Уимблдон» додасында сербиялық Новак Джокович пен германиялық Анжелика Кербер жеңіске жеткен болатын.

Филип Брукс, «Уимблдон» төрағасы:

- Теннис турнирінің жүлде қоры биыл 38 миллион фунтты құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 миллион фунтқа артық. Сәйкесінше жекелей сындағы жеңімпаздар 2,3 миллион фунттан сыйақы беріледі.

УЕФА Чемпиондар лигасы

УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы жартылай финалдық кездесуі өтті. Ағылшындық «Тоттенхэм» өз алаңында голландиялық «Аяксты» қабылдаған болатын. Матч қонақтардың жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп – 0:1. Жалғыз голдың авторы – Донни ван де Бек. Ал енді бүгін түнде жартылай финалға шыққан екінші жұп жолығады. Испаниядағы «Камп Ноу» стадионында «Барселона» мен «Ливерпуль» кездеседі. Жарақатына байланысты бұл матчқа жартылай қорғаушы Рафинья қатыспайтыны белгілі болды. Ал қонақтар сапында Адам Лаллана алаңға шықпайды. Қазір қос команда соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы